Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін қалалық әкімдікте өткен онлайн брифингте «Қазақстандық ипотекалық компаниясы» ИҰ» АҚ клиенттерге қызмет көрсету бөлімінің басшысы Әсел Какетаева «Нұрлы жер» бағдарламасының ережері мен шарттарын түсіндіріп берді.
Компания 2015 жылдан бастап 18 500-ден астам жалға алушылар арасында 1 млн шаршы метрден астам жалға үй берді. Әлеуметтік бағдарламаны табысты жүзеге асыру арқасында компания тұрғын үй мәселесін шешу үшін бағдарламаның жеке жобасы әзірленіп, ұсынылған болатын. Жобаны жүзеге асыру шеңберінде компания бірнеше министрлікпен жаңа жобаға қол қойды. Оның ішінде Білім және ғылым министрлігі және Денсаулық сақтау министрлігімен жаңа жоба бастадық, - деп атап өтті Әсел Какетаева.
Жоба бойынша мұғалімдер мен дәрігерлерге тұрғын үй бағдарламасы аясында үй берудің тәртібі мен үйдің құны анықталды. Өткен жылы Нұр-Сұлтан қаласы әкімшілігімен мұғалімдер мен дәрігерлерге 244 үй беруге шешім қабылданып, қазіргі таңда ол мәселе қарастырылып жатыр.
Бағдарламаға қатысудың негізгі ережелері:
- Үміткерлер өз жұмыс орнында немесе жекеменшік орнында құжаттарын тапсырады;
- Қатысушылардың тізімі әкімдікте және министрлікте қарастырылады;
- Негізгі тізімдердегілер төлем қабілеттілігін «Қазақстан ипотекалық компаниясында» өтеді;
- Төлем қабілеттігін бағалауға қандай құжаттар қажет екенін аталған компания сайтынан білуге болады.
Бағдарламаның негізгі шарттары:
- Сатып алу құқығы бар пәтерді жалдау мерзімі 20 жылға дейін;
- Бастапқы жарна талап етілмейді;
- Табыс жетіспеген жағдайда кепілгерлерді тартуға болады;
- Тұрғын үйді жалдау мерзімі аяқталғаннан кейін үй жалға алушылардың меншігіне өтеді;
- Кез келген жалға берілетін тұрғын үйді мерзімінен бұрын сатып алу мүмкіндігі ұсынылады;
- Астана бойынша 1 шаршы метр үйді жалдау құны – 1 455 теңгені құрайды;
- Төлем қабілеттері расталған жағдайда «Қазақстан ипотекалық компаниясының» сайтына кіріп, үміткер пәтерді өз бетінше таңдай алады.