Резервтің 7 мүшесі елорда әкімдігінде басшылық қызметке тағайындалды

28 Қаңтар 2020, 13:01
1359
Бөлісу:
Резервтің 7 мүшесі елорда әкімдігінде басшылық қызметке тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президенттік жастар кадрлық резервінің 7 мүшесі Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінде басшылық қызметке тағайындалды. 

Қазақстан Президентінің Жастар кадрлық резерві Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша құрылды. 13 мың үміткердің 300-і резервке өтті. Жүсіп Жұмағұлов Нұр-Сұлтан қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары болып тағайындалды.

Нұрлыбек Балықбаев қала әкімі аппараты басшысының орынбасары болып тағайындалды. Бұған дейін стратегиялық және ақпараттық даму департаменті директорының орынбасары - ҚР Энергетика министрлігінің ресми өкілі қызметін атқарды.   

Дәулет Кәрібек "Нұр-Сұлтан жастар саясаты мәселелері басқармасы" ММ басшысы лауазымына өтті. Бұған дейін "Жас Отан" жастар қанатының төрағасы қызметін атқарған.

Ерлан Сыздықов "Нұр-Сұлтан отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы " ММ басшысының орынбасары болып тағайындалды.

Әнуар Бижан "Нұр-Сұлтан активтер және мемлекеттік сатып алулар басқармасы " ММ Мемлекеттік сатып алулар мониторингі және тапсырыс берушілермен жұмыс бөлімінің басшысы болып тағайындалды. Жеке секторда жұмыс атқарған.

Дина Даниярова "Astana Invest" ЖШС басқарма төрағасының кеңесшісі қызметіне тағайындалды. Жеке сектордағы қаржы мекемелерінде халықаралық тәжірибесі бар.

Лаура Демесинова"Astana" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы ұлттық компаниясы басқарма төрағасының кеңесшісі болып тағайындалды.

Резервшілермен кездесуде қала әкімі Алтай Көлгінов президенттік кадрлық резерв-бұл меритократия принципіне сәйкес келетін жастарға арналған әлеуметтік лифт екендігін атап өтті. 

Мемлекеттік аппараттың негізгі міндеттерінің бірі "халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын жүзеге асыру, жедел және тиімді жұмыс істеу, шешім қабылдай білу, "білім амбициядан жоғары тұруы керек" деп әкім мемлекет басшысының сөзін келтіріп.

Өзгелердің жаңалығы