Бұл туралы СІМ-нің ресми өкілі Айбек Смадияров журналистерге арналған брифингте айтты, деп хабарлады BAQ.KZ тілшісі.
Кабулдағы жарылыс туралы өзім жарты сағат біздің елшілікпен сөйлестім. Қала бойынша қауіпсіздік шараларын жергілікті атқарушы орган жүзеге асырып жатыр. Біздің елшіліктің қызметкерлері елшілік аймағынан сыртқа шығып жатқан жоқ. Мен онда болдым. Біздің елшілікте екі блок-бекет тұр,- деді Смадияров.
Оның айтуынша, елшілік қызметкерлері жергілікті халықпен араласып жатқан жоқ.
Қауіпсіздік шаралары штаттық режимде жүзеге асырылып жатыр. Қала бойынша қауіпсізлік шаралары күшейтілді,- деді Айбек Смадияров.
Айта кетейік, Ауғанстан астанасында Ресей елшілігінде жарылыс болды.