Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тағы 100-ге жуық адам зардап шекті. Куәгерлердің айтуынша, терроршы балалар көп жиналған сахнаға жақындап, өзін жарып жіберген.
Ауғанстанның астанасында өтіп жатқан тойда болған жарылыстан 40 адам қаза тапты және 100-ге жуығы зардап шекті. Бұл туралы TOLOnews ақпарат порталы дереккөздерге сілтеме жасап хабарлады.
Оқиғаға куәгерлердің айтуынша, жанкешті музыканттар, жастар, балалар көп жиналған сахнаның қасына барып жарылған. The Associated Press атап өткендей, жарылыс 18 жылға жуық соғыстың аяқталуына - АҚШ пен талибтер енді келісімге келуіне жақындаған кезде болды.