Қазақстанның соңғы жаңалықтары

"Кабельді бүлдірген". Ақтөбелік бірнеше ауданды сусыз қалдырды

Бөлісу:
 видеодан скриншот
VIDEO
Фото: видеодан скриншот

Жер қазу жұмыстарын жүргізген ақтөбелік бірнеше ауданды сусыз қалдырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Полиция қызметкерлері жер қазу жұмыстарын жүргізу үшін экскаватор жалдаған 45 жастағы Ақтөбе қаласының тұрғынын анықтап, ұстады.

Жұмыс барысында экскаватор машинисі қауіпсіздік талаптарын сақтамай, Авиақалашық ауданындағы су мұнарасының жұмысын қамтамасыз етіп тұрған электрмен жабдықтау кабелін зақымдаған. 

Кабельдің бүлінуі салдарынан жабдық авариялық түрде ажыратылған.

Апаттың салдарынан Ақтөбе қаласының бірнеше шағын аудан тұрғындары жарты тәулікке жуық сусыз қалған. Атап айтқанда, Авиақалашық, ГМЗ, Думан, Көкжиде, сондай-ақ 11 және 12-шағынаудандарда су беру уақытша тоқтатылды. Коммуналдық қызметтер жедел түрде қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп, кейіннен су беру қайта қалпына келтірілді. Қазіргі уақытта келтірілген материалдық шығын көлемі анықталуда.
Аталған факті бойынша бөтеннің мүлкін абайсызда жою немесе бүлдіру бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда, - деп хабарлады Ақтөбе облысының ПД баспасөз қызметі. 

Өзгелердің жаңалығы