Кәсіподақтар федерациясы президенттікке өз кандидатурасын ұсынды

24 Сәуір 2019, 14:41
1415
Бөлісу:
Кәсіподақтар федерациясы президенттікке өз кандидатурасын ұсынды

Алматы, BAQ.KZ. Бұрынғы депутат, Батыс Қазақстан облысы аймақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Амангелді Таспихов Қазақстан кәсіподақтар федерациясынан маусым айында болатын президенттік сайлауға кандидат ретінде ұсынылды.

Мұндай шешім Қазақстан кәсіподақ Федерациясы бас кеңесінің отырысында қабылданды. Сондай-ақ, ұйым төрағасының орынбасары Мұхтар Тінікеевтің де кандидатурасы ұсынылған еді, алайда ол өз еркімен бас тартты.

«Менің ұсынылуым мүмкін емес, өйткені мемлекеттік тілді тұрмыстық деңгейде ғана білуім ары қарай жылжуыма мүмкіндік бермейді»,-деді Мұхтар Тінікеев отырысы барысында.

Амангелді Таспихов 1959 жылы дүниеге келген. В.И. Ленин атындағы қазақ политехникалық институтын «инженер-механик» мамандығы бойынша  тәмадаған. 

Жұмыс өтілін Алматы ауыр машина жасау зауытында инженер-технолог лауазымымен бастаған.

1998-2002 жылдар аралығында Қазақстан Парламентінің Сенат депутаты болған. 2004-2007 жылдары Парламент Мәжілісінің үшінші шақырылымының депутаты болған, сонымен қатар Nur Otan партиясының депутаттық фракциясы басшысының орынбасары қызметін атқарған.

Өзгелердің жаңалығы