Астана, BAQ.KZ тілшісі. «Нұр Отан» партиясының Орталық аппараты ғимаратында кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің отырысы өтті.
Кеңес Мәжіліс депутаты, партиялық куратор Мейрам Пішембаевтың жетекшілігімен өтті.Кездесуде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы Жолдауында берген тапсырмаларды іске асыру жөніндегі ұлттық іс-шаралар жоспары қаралды.
«Мұны уақытылы іске асырылуын қамту ушін, заң жүзінде қарастырылатын қадамдармен, тағы қосымша ұйымдастыру мәселелері бойынша талқылауын жүргізу - «Нұр Отан» партиясының жанындағы Кәсіпкерлікті Қолдау жөніндегі Республикалық және Аймақтық қоғамдық кенесітерінің мүшелері жиналып отыр», - деді Мейрам Пішембаев.
Сонымен қатар республикалық қоғамдық кеңеске бейнебайланыс арқылы Мәжіліс және Сенат депутаттары, Ұлттық экономика министрлігінің басшылары, тұтынушылардың құқығын қорғау саласындағы үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдерінің орынбасарлары қатысты.