Кәсіпкерлер Алматы ХҚКО-ларына қауіпсіздік каскаларын сыйлады

24 Маусым 2020, 12:28
1722
Бөлісу:
Кәсіпкерлер Алматы ХҚКО-ларына қауіпсіздік каскаларын сыйлады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Казгипронефтетранс" инжиниринг компаниясы" ЖШС "Азаматтарға арналған үкімет" МК КЕАҚ Алматы қаласы филиалына 1000-нан аса қауіпсіздік каскасын тапсырды.

Бүгін "Казгипронефтетранс" инжиниринг компаниясы" ЖШС өкілдері Гүлжайна Нысанова мен Эльдар Ахажанов компания жасаған қауіпсіздік каскаларының 1000-нан аса данасын "Азаматтарға арналған үкімет" МК КЕАҚ Алматы қаласы филиалының директоры Данияр Қырықбаевқа табыстады.

Компания басшылығы төтенше жағдай кезінде жедел әрекет ету үшін әзірленген жоспарға сәйкес шараларды қолға алған болатын, Соның бірі – компания қызметкерлерінің бастамасымен, азаматтармен бетпе-бет жұмыс істейтін мекемелер қызметкерлері үшін қорғаныс каскаларын жасауды қолға алған. Өздері құрастырған қорғаныс каскаларының бір партиясын Алматы ХҚО-ларының қызметкерлеріне тапсыруға шешім қабылдаған екен.

photo_2020-06-23_15-25-34.jpg

COVID-19 вирусының өршіп тұрған шағында халықпен бетпе-бет жұмыс істеп отырған біздің қызметкерлерімізге жасалған үлкен сыйлық болды. Азаматтарымыздың, оның ішінде біздің қызметкерлеріміздің жағдайын ескеріп, осындай қымбат тарту жасағандарыңызға алғысымыз шексіз, - деді компания сыйлығын қабылдап алған филиал директоры Данияр Батанұлы.
Бүгінде Алматы қаласында "Азаматтарға арналған үкіметтің" 17 фронт-офисі жұмыс істейді. Оларда 950 маман халыққа қызмет көрсетіп отыр. Қауіпсіздік каскалары сол қызметкерлерге таратылып берілмек.

photo_2020-06-23_15-25-19.jpg
Қорғаныс каскаларын жасауға компанияның бастамашыл еріктілері көмектесті. ХҚО қызметкерлері халықпен үздіксіз жұмыс істейтін болғандықтан, 1050 дана қорғаныс каскасын "Азаматтарға арналған үкімет" МК КЕАҚ Алматы қаласы филиалының қызметкерлеріне тегін тапсыруды жөн көрдік, - дейді "Казгипронефтетранс" инжиниринг компаниясы" ЖШС өкілі Гүлжайнар Нысанова.

Бұл Алматы қаласы ХҚО-ларына кәсіпкерлер тапсырған алғашқы тарту емес. Осыған дейін жас кәсіпкер Айдар Жақыпов құны 5 миллион теңге тұратын тепловизионды камераны сыйға тартқан болатын. Аппарат адамға жанасусыз, бір мезгілде 1-ден 2,5 метрге дейінгі қашықтықта 30 адамның дене қызуын өлшейді және бет пердесіз тұрғандарды анықтай алады. Ол камера Медеу
аудандық ХҚО-ға орнатылып, бүгінде бөлім ұжымы оның игілігін көруде.

Өзгелердің жаңалығы