Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер жайлы кеңесті қалай алуға болады

13 Қыркүйек 2020, 20:13
1425
Бөлісу:
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер жайлы кеңесті қалай алуға болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің 80 пайызын қашықтан алуға болады. ХҚКО аталған қызметтерді қалай алуға болатыны жөнінде кеңес берді.

Egov.kz порталының виртуалды ассистентін пайдаланыңыз. Бейнеқоңырау операторлары азаматтарды қашықтан Мобильді азаматтар базасына (АМБ) тіркеп бере алады. Сондай-ақ, олар сіздің экрандағы әрекетті көре отырып, порталда жұмыс істеу бойынша өз кеңестерін бере алады.

1414 нөмірін теріңіз. Бірыңғай байланыс орталығының операторлары мемлекеттік қызметтердің көрсетілуі және олардың рәсімделу мерзімі туралы, ХҚО жұмыс кестесі жайлы ақпаратты бере алады. Бұл опция электрондық үкімет порталын пайдалана алмайтын қарт адамдар үшін өте қолайлы.

Танымал әлеуметтік желілердің egov чат-боттары. Онда да операторлармен чат құрып, қажетті сауалдарға жауап алуға болады. Бүгінде тelegram-бот желісі арқылы 25, Facebook-те 15, "ВКонтакте" жүйесінде 19 қызмет түрі қолжетімді.

egov.kz порталы, youtube.com, өзге де іздеу жүйелері арқылы мемлекеттік қызметтерді қалай алуға болатыны туралы арнайы нұсқаулықтар мен бейнероликтерді табуға болады.


Өзгелердің жаңалығы