Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Көліктерді тіркеу жəне жүргізуші куəлігін беру мемқызметтері қалпына келтірілді

14 Наурыз 2019, 17:02
2078
Бөлісу:

Астана, BAQ.KZ. Көліктерді тіркеу жəне жүргізуші куəлігін беру мемқызметтері қалпына келтірілді. Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметі мəлім етті.

«13 наурыз күні сағат 9:50-де техникалық себептерге байланысты мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында, сонымен қатар бүкіл республикадағы əкімшілік полициялардың тіркеу-емтихан бөлімшелерінде көлік құралдарын тіркеу жəне жүргізуші куəлігін беру мемлекеттік қызметтерін көрсету тоқтатылған еді. Қазіргі уақытта іркіліс себебі жойылып, мемлекеттік қызметтер штаттық режімде көрсетіліп жатыр», - делінген ақпаратта.

Өзгелердің жаңалығы