Көк-Төбедегі аттракциондар жабылды

18 Шілде 2020, 22:41
1946
Бөлісу:
Көк-Төбедегі аттракциондар жабылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-брифинг барысында Медеу ауданы әкімінің орынбасары Берік Сұлтанбаев карантин режимін бұзушыларды анықтауға көмек көрсеткені үшін тұрғындарға алғыс білдірді.

Алматы қаласы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасымен барлық ауданда, соның ішінде, бизнес нысандарының аумағында санитарлық нормалардың сақталуын бақылау үшін мониторингтік топтар құрылды. Сондай-ақ, тұрғындармен байланысу үшін жедел желі жұмыс істейді.
Бізге жедел желіге келіп түскен қоңыраулар бойынша тұрғындардың өздері қай жерде және қандай карантиндік шаралары бұзылғаны туралы айтады. Сол үшін оларға алғыс айтамыз, - деді Берік Сұлтанбаев.

 Мәселен, осы жылдың 17 шілдесінде бір тұрғыннан Көк-Төбе саябағында карантин шаралары бұзылғандығы жайында  шағым түсті. Мониторлық топ дереу тәртіп бұзушылық болған жерге барды.  
Мобильді топ тәртіп бұзушылық фактісі бойынша аталған нысанға жолға шықты. Тәртіп бұзу фактісі расталды. Аттракциондар қызметін тоқтатты. Қазір оларды әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесі қаралуда, - деп қосты өз сөзіне Медеу ауданының Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Айбек Әскербеков.

Жалпы мониторингтік топтар жүргізген тексерулер барысында шектеу шараларын бұзу фактілері анықталып, жолы кесілді, олардың арасында: 

 1) Бостандық ауданында 11 шілдеде Хан Тәңірі шағын ауданы 126-үйде  "Райский сад" мейрамханасында 30 адамға арналған банкет өткізілгені анықталды. Шара тоқтатылып, қонақтар үйлеріне тарады. Нысанның жетекшісімен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, мекеменің әкімшісіне 15 АЕК мөлшерінде ҚР ӘҚтК 425-бабының 1-тармағы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды.

2)  16  шілде күні Медеу ауданында "Манана" мейрамханасындағы түнгі караоке-клубтың уақыт режимін бұзғаны анықталды. Қоғамдық тамақтану орны әкімшілігіне түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, соның барысында мейрамхана өз еркімен жабылды. 

3) 12 шілде күні Бостандық ауданында "Райский сад" мейрамханасында көп қонақтың қатысуымен үйлену тойы өткен. Салатанатты жиынға келген қонақтар дереу үйлеріне жіберілді. Мониторингтік топ хаттама толтырды. Мейрамхана иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.  

4) Түрксіб ауданының Нұршашқан ауданында карантин кезінде "Достлук" дәмханасында  100 адамға арналған банкет өткені анықталды. Қонақтар дереу таратылып, нысанның қызметі 1,5 айға тоқтатылып, дәмхана иесі Илахунова Р.З-ға 100 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды. 
5) Алатау ауданында мониторингтік топ "Shafran" және  "Bodrum" дәмханаларында шектеу шаралары және санитарлық нормалардың бұзылғанын анықтады. 
"Shafran"  дәмханасы түнгі 23.00-ден кейін жұмыс істеген. Сонымен бірге персонал қолғапсыз жұмыс істеген. Кәуап пісіретін жерде маскасыз және қолғапсыз жұмыс істеген. Жазғы алаңда антисептиктер орнатылмаған. Келушілердің температурасын өлшемейді, санитарлық-дезинфекциялық режим сақталмайды. Кіреберіске дезинфекциялық кілемше төселмеген. "Bodrum" дәмханасында даяшы маскасыз жұмыс істеген. Бұл дәмханаларға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы екі хаттама толтырылды, - делінген ақпаратта.  

6) Жетісу ауданында "ЖБИ Гарант" ЖШС темір бетон өнімдерін өндіретін зауыт қызметкерлерінің жабық ғимаратта қорғаныш маскаларынсыз жүргені анықталды. Мониторингтік топ әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 

Естеріңізге сала кетейік, коронавирустық инфекцияның одан әрі таралуын болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысымен қосымша шектеу шаралары енгізілген. Атап айтқанда, караоке, кальян, бильярд, компьютерлік клубтар, букмекерлік кеңселер, түнгі клубтар, боулинг орталықтары, аттракциондар, ойын алаңдары, батуттар, кинотеатрлар және басқа ойын-сауық мекемелерінің қызметіне тыйым салынды.

Алматыда карантин режимінің бұзылу фактілері анықталған жағдайда хабарласуға арналған байланыс телефондары: 
1. Алатау ауданы — 87757814550;
2. Алмалы ауданы — 87017165925;
3. Әуезов ауданы — 87014009193, 87477615582;
4. Бостандық ауданы — 87011223059;
5. Жетісу ауданы— 87011071790, 87475574071;
6. Медеу ауданы — 87078224078;
7. Наурызбай ауданы— 87077527927;
8. Түрксіб ауданы — 87011940719, 87051895289, 87071895289.



Өзгелердің жаңалығы