Jusan Bank активтері Қазақстанға қайтарылды

13 Маусым 2023, 11:02
752
Бөлісу:
Jusan Bank активтері Қазақстанға қайтарылды

Jusan Bank активтері Қазақстанға қайтарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Әділет министрлігі мәлім етті.

2021 жылы жоспарланған іс-қимылдардың нәтижесінде Jusan Bank және телекоммуникация, ауыл шаруашылығы және өзге де салалардың бірқатар басқа да ірі активтерін қамтитын Jusan тобы шетелдік юрисдикцияға шығарылды. Іс жүзінде Қазақстан Үкіметі топтың үстінен бақылауды жоғалтты, - делінген хабарламада.

Әділет министрлігі басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп қабылдаған шаралардың нәтижесінде Jusan тобын қазақстандық юрисдикцияға қайтаруға қол жеткізді. Қажетті құжаттарға қол қойылды.

Қазақстан заңнамасына сәйкес, топ Үкіметтің және басқа да мемлекеттік құрылымдардың бақылауымен жұмыс істейтін болады. Jusan Bank қазақстандық білім беру ұйымдарын қаржыландыруды жалғастыру бойынша міндеттемелерді өзіне алды. Банк бұрын алған мемлекеттік көмек мерзімінен бұрын қайтарылады. Мемлекет басшысының шығарылған активтерді қайтару туралы тапсырмаларын іске асыру жалғастырылатын болады, - делінген Әділет министрлігі таратқан хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы