«Қазақстан темір жолы» АҚ-ы Алматыдан шығатын «Jibek Joly 2.0» туристік пойызын іске қосты.
Пойыз «Алматы – Түркістан – Ташкент – Самарқанд – Шымкент – Алматы» бағыты бойынша 2-7 қаңтар аралығында 110 жолаушымен бес күндік саяхат жасайды.
Кезекті турдың басты ерекшелігі — бағытқа Самарқанд пен Шымкент сияқты жаңа қалалардың енгізілуі.
Туристік пойыз отандық өндірістің жаңа вагондарынан құралған. Вагондардың ішкі дизайны ұлттық ою-өрнектермен безендірілген.
Сапар барысында жолаушылар тарихи орындарды аралап, туристік нысандарға барады.
Тур ҚТЖ тарапынан «Өзбекстан темір жолдары» компаниясының, ҚР Туризм комитеті мен Көлік министрлігінің, сондай-ақ Шымкент қаласы мен Түркістан облысы әкімдіктерінің қолдауымен ұйымдастырылған.