"Jas Otan" белсенділері стационарға 35 матрас жеткізді

19 Шілде 2020, 22:11
2144
Бөлісу:
"Jas Otan" белсенділері стационарға 35 матрас жеткізді

Алматы, BAQ.KZ. "Jas Otan" ЖҚ белсенділері көпбейінді провизорлық стационарға 35 дана матрас жеткізді. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады.

Қазіргі уақытта Маңғыстау облыстық ауруханасы көпбейінді провизорлық стационарға ауыстырылды. Науқастардың көптеп түсуіне байланысты ауыр науқастарға арналған матрас (терінің ойылуына қарсы матрас) жетіспеушілігі байқалды.

Осыған байланысты "Jas Otan" ЖҚ Орталық аппаратының қолдауымен, демеушілердің көмегімен волонтерлер матрастарды сатып алып, ауруханаға табыс етті.

Бүгін біз демеушілердің арқасында 35 матрас сатып алып, көпсалалы провизорлық стационарға жеткіздік. Бұған дейін аурухана басшылығы матрастар мен төсек-орын тапшылығы туралы мәселені айтқан болатын. Сондықтан келесі аптадан бастап біз төсек-орын тігу бойынша жаңа акцияны іске қосуды шештік. Бірлескен күш-жігерімізді пайдаланып, қоғамға үлес қосатынымызға сенімдімін, - дейді "Jas Otan" ЖҚ МОФ төрағасы Наурызбек Мағдатов.
Маңғыстау облыстық ауруханасының бас мейірбикесі пандемия кезінде қайырымды жандар қол ұшын созып жатқанын айтты.
Қазіргі жағдайға байланысты бізбен барша қайырымды жандар бірге бір кісідей атсалысып жатыр. Осыдан 4-5 күн бұрын облыстық "Jas Otan" жастар қанатының төрағасы хабарласып, қандай қажетті құралдар керек екенін сұраған. Реанимациядағы науқастарға матрастар керек екенін айтып едім. Бүгін, сол науқастарға 35 дана матрасты әкеліп тапсырып жатыр. Көмек үшін науқастар атынан "Jas Otan" ЖҚ орталық аппаратына, облыстық филиалының өкілдеріне, жастарға үлкен алғыс білдіремін! Біз бірге осы індеттен шығатынымызға сенемін!, - дейді Айтбибі Өтегенова.
Өзгелердің жаңалығы