Израильдің су технологияларын меңгеру перпективасы онлайн-конференцияда талқыланды

27 Сәуір 2024, 13:39
415
Бөлісу:
Израильдің су технологияларын меңгеру перпективасы онлайн-конференцияда талқыланды
Фото: gov.kz

Қазақстанның Израильдегі Елшілігі «Израиль-Қазақстан» Сауда-өнеркәсіп палатасымен бірлесіп, су ресурстарын басқару саласындағы израильдік озық технологияларды тарту мәселелеріне арналған онлайн-конференция ұйымдастырды.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің бірінші вице-министрі Болат Бекнияз, сондай-ақ израильдік және қазақстандық компаниялардың өкілдері мен су саласының сарапшылары қатысты.

Қазақстан Елшісі Дәулет Ембердиев өз сөзінде Израильдің су үнемдеу технологияларын енгізу, ағынды суларды тазарту және қайта құнарландыру, гидрология және су стратегиясын әзірлеу саласындағы жоғарғы технологиясы мен ғылыми тәжірибесі туралы айтып, ынтымақтастықтың осы бағыттағы әлеуетінің жоғары екендігін айтты.

Сондай-ақ Израильдік сарапшылар Қазақстанда су тасқынымен күресу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы хабардар етілді. Бұл тұрғыда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚХА-ның «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясында сөйлеген сөзінің негізгі тезистеріне ерекше назар аударылды.

Жиынға қатысушылар онлайн форматтағы кездесуді оң бағалап, тәжірибе алмасу, сондай-ақ су технологиялары саласындағы заманауи шешімдерді ұсынатын бастамалар мен жобаларды зерделеу мақсатында байланыстарды одан әрі жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы