Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Израильдің Газаға жасаған шабуылы кезінде ХАМАС-тың баспасөз хатшысы қаза тапты

1 Қыркүйек 2025, 03:40
727
Бөлісу:
 AP Photo
Фото: AP Photo

Израильдің Газа секторына жасаған әуе шабуылы кезінде ХАМАС қозғалысының әскери қанатының баспасөз хатшысы Әбу Обейда қаза тапты. Бұл туралы Израильдің қорғаныс министрі Израиль Кац мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ DW порталына сілтеме жасап.

Бұған дейін премьер-министр Беньямин Нетаньяху Обейданың өлімі әлі расталмағанын айтқан болатын. ХАМАС өкілдері бұл жағдайға түсініктеме берген жоқ.

Әбу Обейда жылдар бойы әскери бейнежазбаларда қызыл куфиямен, бетін бүркеп көрініп келген тұлға ретінде белгілі еді. Оның соңғы мәлімдемесі 29 тамызда жасалды. Ол кезде Израиль армиясы Газаны «қауіпті соғыс аймағы» деп жариялаған.

Айта кетейік, 2023 жылдың 7 қазанында ХАМАС Израильге ауқымды шабуыл жасап, мыңнан астам бейбіт тұрғынды өлтіріп, жүздеген адамды кепілге алған еді. Бұдан кейін Израиль қозғалысқа соғыс жариялап, Газа секторына ауқымды әскери операция бастады.

ХАМАС бақылауындағы Газа денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, соғыстың басынан бері 62 мыңнан астам палестиналық қаза тауып, 157 мыңнан аса адам жараланған. Алайда бұл көрсеткіштерге қанша содырдың кіретіні белгісіз.

Өзгелердің жаңалығы