Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Израильдің Газа секторына жасаған соққысынан үш журналист қаза тапты

Бүгiн, 03:40
136
Бөлісу:
 ВВС
Фото: ВВС

Газа секторының орталық бөлігінде Израильдің соққысы салдарынан үш палестиналық журналист қаза тапты. Бұл туралы Газадағы азаматтық қорғаныс қызметі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ ВВС-ге сілтеме жасап.

Қаза тапқандар – Мұхаммед Салах Кашта, Анас Гнейм және Абдул Рауф Шаат. Мәліметке сәйкес, олар әл-Захра ауданында жүрген кезде көліктері нысанаға алынған. Журналистер Египеттің гуманитарлық көмек ұйымымен жұмыс істеген.

Израиль әскері ХАМАС-пен байланысы бар, әскерге қауіп төндірген дронды басқарған күдіктілерге соққы берілгенін мәлімдеп, оқиғаның тексеріліп жатқанын хабарлады.

Сол күні Израиль артиллериясы мен атыс қаруы салдарынан тағы сегіз адам, оның ішінде екі бала қаза тапқан. Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, атысты тоқтату келісімі жасалғаннан бері Газада кемінде 466 палестиналық көз жұмған.

ХАМАС бұл шабуылды атысты тоқтату туралы келісімді өрескел бұзу деп атады. Ал Палестиналық журналистер синдикаты оқиғаны әскери қылмыс ретінде бағалады.

Журналистерді қорғау комитетінің (CPJ) мәліметінше, соғыс басталғалы бері Газа секторында кемінде 206 журналист пен БАҚ қызметкері қаза тапқан.

Өзгелердің жаңалығы