Тәуелсіздік сарайында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезі өтіп жатыр, деп хабарлады BAQ.KZ тілшісі.
Израильдің Бас Сефард раввині Ицхак Иосиф бейбітшілік үшін құлшылық етуден артығы жоқ екенін айтты.
Еврей дініндегі негізгі қағидасы - бейбітшілік. Дін барлық адамзаттың негізі, Құдайдың бір аты. Менің мойнымда алқа бар. Менің тәлімгер әкемнен алынған алқа. Ол раббиндер ұрпақтарының маңыздыларының бірі. Бұл алқада жаратушының бейнесі бар. Адамдар арасында өтірік айтпа, жауыздық жасама деген өсиет бар, - деді ол.
Ицхак Иосиф барлығына арналған өсиет екенін айтты.
Құдайға, жаратушыға сенем. Бірақ маған өзгеге жамандық айту тағдыры бұйырмаған. Басқа адамға жамандық жасауға өтірік айтуға, оның өмірін қиюға рұқсат етілмеген. Адамның дінге сенуі мен адамның адамға сенуі тығыз байланысты. Басқа адамды адам шынайы түрде сүйе алады. Бұл ұғымдардың арасын бөліп қарауға болмайды, - деді Ицхак Иосиф.
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының бірінші Съезі 2003 жылы Қазақстанның астанасында өтті. Кейінгі съездер үш жылда бір рет 2006, 2009, 2012, 2015 және 2018 жылдары ұйымдастырылып, тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ең ірі халықаралық іс-шаралардың біріне айналды.