Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху Сомалиланд Республикасын тәуелсіз және егемен мемлекет ретінде ресми түрде мойындағанын жариялады. Бұл туралы Израиль Үкімет басшысының кеңсесі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху, Израиль Сыртқы істер министрі Гидеон Саар және Сомалиланд Президенті Абдирахман Мохамед Абдуллахи бірлескен декларацияға қол қойды. Келісімге сәйкес, елдер елшілерді тағайындап, елшіліктер аша отырып, толыққанды дипломатиялық қатынас орнатуды жоспарлап отыр.
Израиль Сомалиландпен ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, технология және экономика салаларында ынтымақтастық орнатуды көздейді.
Сомалиланд 1991 жылы тәуелсіздігін жариялағанымен, халықаралық деңгейде әлі толық мойындалған жоқ.