Израиль Сыртқы істер министрлігі Рим Папасы Францисктің қайтыс болуына байланысты әлеуметтік желілерде жариялаған көңіл айту жазбаларын көп ұзамай өшіріп тастады. Бұл туралы The Jerusalem Post басылымы жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Instagram, Facebook және X (бұрынғы Twitter) желілеріндегі Израиль СІМ-нің ресми аккаунттарында "Тыныштықта бол, Рим Папасы Франциск. Оның жады жарқын болсын" деген мазмұндағы қысқаша хабарламалар жарияланған. Алайда көп ұзамай бұл жазбалар өшірілген. Бұл жағдай жұртшылықтың назарын аударып, біршама таңданыс тудырды.
Израильдің Ватикандағы бұрынғы елшісі Рафаэль Шутц бұл шешімді қате деп бағалап, "адам қайтыс болғаннан кейін мұндай әрекетке баруға болмайды" деген пікір білдірді.
Айта кетейік, Рим Папасы Франциск 2024 жылғы 21 сәуір күні таңертең 89 жасында Ватикандағы Санта-Марта резиденциясында қайтыс болды. Ватиканның Денсаулық сақтау және гигиена басқармасының директоры, профессор Андреа Архангели Понтификтің ми инсультінен кейін комаға түскенін, кейін жүрек-қан тамыр жүйесінің қайтымсыз жетіспеушілігіне ұшырағанын хабарлады.
Папа Францискті жерлеу рәсімі 26 сәуірге жоспарланған.