Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Израиль шабуылы: Иранның қанша ғалымы мерт болғаны айтылды

Олжас АДАЙ
26 Маусым 2025, 11:31
1521
Бөлісу:
 Amir Cohen/REUTERS
Фото: Amir Cohen/REUTERS

Израиль Иранның ядролық бағдарламасына соққы беру мақсатында кемінде 14 ғалымды өлтірген, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Associated Press-ке сілтеме жасап.

Израиль Иранның ядролық әлеуетіне нұқсан келтіру үшін жүргізілген әскери операция аясында кемінде 14 ирандық ядролық ғалымды өлтірді. Бұл туралы Израильдің Франциядағы елшісі Джошуа Зарка айтты.

Оның айтуынша, шабуыл Иранның ядролық бағдарламасына жауапты негізгі топты толық жойған.

Бұл адамдардың түгелдей жойылуы Иран бағдарламасын бірнеше жылға, тіпті ондаған жылға кейін шегерді. Қазір Иран ядролық инфрақұрылымы мен материалдары аман қалған күннің өзінде, оларды қайта іске қосу мүмкіндігіне ие емес, – деді Зарка.

Алайда, ядролық қауіпсіздік саласындағы сарапшылар Иранда бұл мамандардың орнын басатын өзге де ғалымдар бар екенін айтады.

Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Дэвид Лэммидің сөзінше, Иран ондаған жыл бойы жинаған білім мен тәжірибені әуе шабуылдарымен жою мүмкін емес.

Әскери соққылар Иранның жинаған ядролық ноу-хауын, не осы білімге сүйене отырып қару жасауға деген ұмтылысын жоя алмайды, – деді министр.

Ресми Тегеран ядролық бағдарламасының бейбіт мақсатта екенін бірнеше мәрте мәлімдеген. АҚШ-тың барлау қызметі де Иранның ядролық қару жасауға тікелей ұмтылып отырғанына дәлел жоғын айтқан. Дегенмен, Израиль тарапы Тегеранның қажет жағдайда жылдам қару жасап шығара алатынына сенімді.

Өзгелердің жаңалығы