Израиль мен Ливан бітімді бір жарым айға ұзартты

Израиль мен Ливан Вашингтонда өткен екі күндік келіссөзден кейін атысты тоқтату режимін 45 күнге ұзартуға келісті. Бұл туралы АҚШ Мемлекеттік департаментінің өкілі Томми Пиготт мәлімдеді.

 x.com/@IAFsite Бүгiн 2026, 04:46
Бүгiн 2026, 04:46
79
Фото: x.com/@IAFsite

АҚШ-тың арағайындығымен Израиль мен Ливан 16 сәуірден бері әрекет етіп келген атысты тоқтату режимін ұзартуға келісті.

Бұл туралы  Euronews ақпарат таратты.

Израиль мен Ливан Вашингтонда өткен екі күндік келіссөзден кейін атысты тоқтату режимін 45 күнге ұзартуға келісті. Бұл туралы АҚШ Мемлекеттік департаментінің өкілі Томми Пиготт мәлімдеді.

Шешім «Хезболла» тобымен жасалған алдыңғы бітім мерзімінің аяқталуына бір тәуліктен сәл ғана уақыт қалғанда қабылданды. Аталған топ АҚШ пен Израильде террористік ұйым деп танылған.

Бітім кезеңінде топ Израильдің солтүстігіне ұшқышсыз ұшу аппараттарын жіберуді жалғастырса, Израиль әскері өз кезегінде «Хезболла» нысандарына соққы жасаған.

14 мамырда Израиль мен Ливан арасындағы тікелей келіссөздердің үшінші кезеңі Вашингтонда басталғаны хабарланған болатын. Тараптар атысты тоқтату режимін, Ливанның оңтүстігіндегі жағдайды және «Хезболланы» қарусыздандыру мәселесін талқылады.

Келіссөздер мерзімі жексенбіде аяқталатын осал бітім режимі мен Ливанның оңтүстігіндегі жалғасып жатқан әскери әрекеттер аясында өтті.

 

Наверх