Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Израиль мен ХАМАС келіссөзі Мысырда өтеді

5 Қазан 2025, 22:55
613
Бөлісу:
 pexels.com
Фото: pexels.com

Кездесуде израильдік тұтқындар мен палестиналық тұтқындарды алмасу мәселесі қарастырылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мысыр Сыртқы істер министрлігі 6 қазанда Израиль мен ХАМАС делегацияларының келіссөз өткізетінін мәлімдеді.

DW басылымының хабарлауынша, Мысыр тарапы келіссөздер АҚШ президенті Дональд Трамптың Газа секторындағы қақтығысты тоқтату жөніндегі бейбіт жоспары аясында өтетінін атап өтті. Бұл келіссөздер тікелей болмайды деп болжануда.

Бұл – аймақтағы және халықаралық деңгейдегі серпінді жалғастыруға бағытталған қадам, – деп көрсетілді Каир мәлімдемесінде.

Трамп ХАМАС жоспарды қабылдаған сәтте атысты тоқтату күшіне енетінін мәлімдеді. Израиль премьері Биньямин Нетаньяху ХАМАС-ты қарусыздандыруға ниетті екенін айтты.

ХАМАС тұтқындарды қайтаруға және Газаны тәуелсіз органға басқаруға беруге дайын екенін жеткізді, бірақ қарусыздану мәселесіне қатысты үн қатпады.

Өзгелердің жаңалығы