Иранның Атом энергиясы жөніндегі ұйымы (ОАЭИ) Израиль мен АҚШ Бушер атом электр станциясының аумағына үшінші рет соққы жасағанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
Ведомствоның хабарлауынша, снаряд станция аумағына түскенімен, алдын ала дерек бойынша нысанның өзі зақымданбаған. Қаза тапқандар мен материалдық шығын туралы ақпарат жоқ.
ОАЭИ мұндай шабуылдар бейбіт атом инфрақұрылымына қарсы жасалып отырғанын және халықаралық құқық нормаларын өрескел бұзатынын атап өтті.
Айта кетейік, Бушер АЭС маңына алғашқы соққы 17 наурызда, ал екінші шабуыл 24 наурызда тіркелген. Оқиға туралы Иран Халықаралық атом энергиясы агенттігін хабардар еткен. Ұйым басшысы Рафаэль Гросси тараптарды барынша ұстамды болуға шақырған.