Израиль Каспий теңізі жағалауындағы Иранның ірі портына соққы жасады

Бұл порт Каспийдегі теңіз саудасында маңызды рөл атқаратын ірі көлік-логистикалық хаб.

 IRNA 19 Наурыз 2026, 08:50
19 Наурыз 2026, 08:50
888
Фото: IRNA

Иранның Бендер-Энзели портты қаласының әкімі Мохаммад Салех Зиаи порттағы бірнеше нысанға зымырандық шабуыл жасалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ РБК агенттігіне сілтеме жасап.

Соққы кеден ғимараттарына, порт басқармасы мен кеме қатынасы ұйымының нысандарына тиген.

Қала әкімінің айтуынша, қаза тапқандар жоқ, келтірілген шығын көлемі әлі анықталып жатыр. Билік өкілдері жағдай толық бақылауда екенін мәлімдеді.

Айта кетейік, Бендер-Энзели – Иранның Каспий теңізіндегі ең ірі порты. Бұл порт арқылы Иран мен өңірдегі басқа елдер арасындағы жүк тасымалы жүзеге асады. Порт Каспийдегі теңіз саудасында маңызды рөл атқаратын негізгі көлік-логистикалық орталықтардың бірі.

Наверх