Израиль Иранның жоғарғы басшылығына қарсы операцияның аяқталғанын жариялады

Израиль тарапының мәліметі бойынша, Тегеранға бағытталған әуе шабуылдарында қаза тапқан 15 негізгі тұлғаның тізімі жарияланды.

 israelnationalnews.com Бүгiн 2026, 07:56
Бүгiн 2026, 07:56
242
Фото: israelnationalnews.com

Израиль армиясы Иранның жоғары әскери және саяси басшылығын жоюға бағытталған ауқымды операцияның аяқталғанын ресми түрде жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Израиль Қорғаныс министрлігінің веб-сайтында Израиль тарапының мәліметі бойынша, Тегеранға бағытталған әуе шабуылдарында қаза тапқан 15 негізгі тұлғаның тізімі жарияланды.

Тізімге енгізілгендердің арасында Иранның Жоғарғы көсемі Әли Хаменеи де бар.

Мәлімдемеде операция Иран астанасындағы алдын ала белгіленген нысандарға дәл соққы беруден тұратыны атап өтілді. Ықтимал салдарлар немесе Иранның жауабы туралы қосымша мәліметтер берілмеді.

Наверх