Израиль Ирандағы жоғары лауазымды тұлғаларды жоюды жалғастыратынын мәлімдеді

Жақында Бендер-Аббасқа жасалған соққы кезінде Иран Ислам революциясы сақшылары корпусы теңіз күштерінің қолбасшысы Алиреза Тангсири қаза тапқан.

 AP Photo / Vahid Salemi Бүгiн 2026, 05:18
Бүгiн 2026, 05:18
199
Фото: AP Photo / Vahid Salemi

Израиль армиясының ресми өкілі Эфи Дефрин Ирандағы жоғары лауазымды тұлғалар мен әскери командирлерге қарсы нысаналы операциялар жалғасатынын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме асап.

Оның айтуынша, жақында Бендер-Аббасқа жасалған соққы кезінде Иран Ислам революциясы сақшылары корпусы теңіз күштерінің қолбасшысы Алиреза Тангсири қаза тапқан. Бұл ақпаратты бұған дейін Израиль қорғаныс министрі Исраэль Кац пен Пентагон басшысы Пит Хегсет те айтқан.

Израиль тарапы Тангсириді Ормуз бұғазының ішінара жабылуына және Израильге қарсы жоспарларға қатысы бар деп айыптайды. «Мұндай операциялар тоқтамайды. Біз Израильге қауіп төндіретіндердің бәрін қудалауды жалғастырамыз», – деді Дефрин.

Айта кетейік, 28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иранға қарсы әскери операция бастаған. Соның салдарынан Тегеранды қоса алғанда бірқатар ірі қалалар соққыға ұшырады. АҚШ бұл әрекетті Иран тарапынан туындаған зымыран және ядролық қауіппен байланыстырған.

Иран өз кезегінде жауап операциясын бастап, Израильге және Таяу Шығыстағы АҚШ нысандарына соққы жасаған.

Наверх