Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Израиль Газаның солтүстігінде зымыран тасығышқа соққы жасады

Кеше, 05:18
456
Бөлісу:
 Ibraheem Abu Mustafa/Reuters
Фото: Ibraheem Abu Mustafa/Reuters

Израиль қорғаныс армиясы (ЦАХАЛ) Газа секторының солтүстік бөлігінде Сдерот қаласын атқылауға дайындалған зымыран тасығышқа соққы берді. Бұл туралы армияның баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Хабарламада айтылғандай, Израиль әскері зарядталған әрі ұшыруға дайын зымыран тасығыш орналасқан шахтаны жойған. ЦАХАЛ дерегінше, бұл зымыран тасығышты атысты тоқтату режимі күшіне енгеннен кейін ХАМАС террористік ұйымы орнатып, дайындаған. Әскерилер мұны келісім шарттарын өрескел бұзу деп бағалады.

Сондай-ақ армия баспасөз қызметі операция алдында бейбіт тұрғындарға төнетін қауіпті барынша азайту үшін бірқатар шаралар қабылданғанын атап өтті. Атап айтқанда, жоғары дәлдіктегі оқ-дәрілер қолданылып, әуе арқылы бақылау жүргізілген.

ЦАХАЛ өкілдері атысты тоқтату туралы келісім аясында Газа секторындағы өз позицияларында қала беретінін және кез келген қауіптің алдын алу үшін әрекеттерін жалғастыратынын жеткізді.

Өзгелердің жаңалығы