Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Израиль Газа секторында тағы бір әскери операция бастады

19 Наурыз 2025, 23:17
627
Бөлісу:
 Anadolu
Фото: Anadolu

Израильдің қорғаныс армиясы (ЦАХАЛ) қауіпсіздік аймағын кеңейтуге бағытталған Газа секторының орталық және оңтүстік бөліктерінде жерүсті операцияның басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Операция аясында әскерилер Нецарим дәлізінің орталығына дейін өз бақылауларын кеңейткен. Сондай-ақ "Голани" бригадасы оңтүстік командалық бекетке орналастырылып, Газа секторындағы операцияларға дайын болады деген шешім қабылданды.

Израильдің қорғаныс армиясы Израиль азаматтарын қорғау үшін Газа секторындағы террорлық ұйымдарға қарсы әрекетін жалғастыратыны айтылды.

Бұған дейін Израиль Сирияның оңтүстігіне шабуыл жасаған болатын.

Өзгелердің жаңалығы