Израиль ғалымдары COVID-19-дың жарқанаттардан таралғанын жоққа шығарды

7 Қыркүйек 2022, 21:48
1223
Бөлісу:
Израиль ғалымдары COVID-19-дың жарқанаттардан таралғанын жоққа шығарды

Тель-Авив университетінің ғалымдары зерттеу жүргізіп, нәтижесінде коронавирус пандемиясының пайда болу көзі – жарқанаттар деген нұсқаға дәлел болатын деректер таппады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның телеграм каналы жазды.

«Біз жүргізген жан-жақты зерттеу жарқанаттардың COVID-19 індетінің таралу көзі болуы мүмкіндігіне қатысты зор күмән тудырады», - дейді зерттеу жетекшісі.

Ғалымдардың пікірінше, жарқанаттар басқа сүтқоректілер үшін қауіпті деп саналатын вирустармен оңай күресуге мүмкіндік беретін өте тиімді иммундық жүйеге ие.

Зерттеушілер коронавирустың ежелгі кіші түрлерінің көзі жарқанаттар болуы мүмкін екендігі туралы дәлелдер бар болса да, коронавирус пандемиясына қатысты бұл нұсқаға сенімділік жоқтығын алға тартады.

Жарқанаттарда COVID-19 антиденелерінің болуы олардың ұқсас ауруға шалдыққанын және оған иммунитетті дамытқанын білдіреді, бірақ бұл жануарлардың мұндай вирустың «резервуары» екенін дәлелдемейді.

 

Өзгелердің жаңалығы