Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Израиль атысты тоқтатқаннан кейін де Газада 1500-ден астам ғимаратты қиратқан

12 Қараша 2025, 08:11
382
Бөлісу:
 ВВС
Фото: ВВС

Израиль Газа секторында атысты тоқтату режимі жарияланғаннан кейін 1500-ден астам ғимаратты қиратқан. Бұл туралы BBC Verify спутниктік суреттерді талдау нәтижесіне сүйене отырып жария етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

8 қарашада түсірілген спутниктік фотосуреттерде Израиль бақылауындағы аудандардың көпшілігі бір айдың ішінде өрт пен жарылыстардан кейін қираған күйде бейнеленген. Сарапшылар нақты қиратылған нысандар саны бұдан да көп болуы мүмкін дейді, өйткені кей аймақтарға суреттер қолжетімсіз.

Кейбір сарапшылар Израильдің әрекеттері АҚШ, Египет, Катар және Түркия делдалдығымен жасалған бітім шарттарын бұзуы мүмкін деп санайды. Алайда Израиль тарабы “әрекеттер атысты тоқтату келісіміне сай жүзеге асырылуда” деп мәлімдеді.

АҚШ президенті Дональд Трамптың бейбіт жоспарына сәйкес, барлық әскери операциялар мен бомбалаулар тоқтатылуы тиіс болатын. Дегенмен BBC Verify жүргізген радиолокациялық және визуалды талдау нәтижелері Израильдің ғимараттарды жаппай бұзуды жалғастырғанын көрсетті.

Абасан-эль-Кабир, Әл-Баюк және Джабалия аймақтарындағы үйлер мен бақтар толығымен жермен-жексен болған. Бұрын бүлінбеген тұрғын үйлер мен шағын фермалар қираған.

Израиль тарабы бұл әрекеттерін “террористік инфрақұрылымды жою” деп түсіндіреді. Бірақ халықаралық сарапшылар мұны атысты тоқтату шарттарын және халықаралық құқық нормаларын бұзу деп есептейді.

Өзгелердің жаңалығы