Израиль əскері Сирияның оңтүстік-батысындағы Кунейтра провинциясында орналасқан Батыс Самдания және Журат-әш-Шейх ауылдарына рейд жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
SANA Сирия ресми ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Израиль армиясының 13 әскери техникадан құралған екі патруль тобы аталған ауылдарға кіріп, рейд жүргізген.
Рейд кезінде израильдік солдаттар бұл ауылдардың жолдарына бақылау-өткізу бекеттерін орнатқан.
Бұған дейін Сирия президенті Ахмед аш-Шара 2024 жылдың 8 желтоқсанында режим құлаған сәттен 18 қыркүйекке дейін Израиль əскері Сирия аумағына мыңнан астам әуе соққысын және 400-ден астам жерүсті шабуылын жасағанын мәлімдеген.
Еске салайық, бұған дейін Сирияның өтпелі кезең президенті Ахмед аш-Шараа АҚШ-қа ресми сапармен барғаны туралы жаздық.