Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Израиль әскері Батыс жағалауда 21 палестиндікті ұстады

27 Қазан 2025, 20:46
508
Бөлісу:
 Anadolu Agency
Фото: Anadolu Agency

Израиль армиясы басып алынған Батыс жағалауда жүргізілген рейдтер кезінде 21 палестиндікті тұтқындады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Anadolu агенттігінің мәліметінше, олардың арасында соңғы екі тұтқын алмасу кезінде босатылған 15 адам бар.

Палестина тұтқындар қоғамы мен Палестинаны азат ету ұйымының жанындағы тұтқындар және босатылғандар істері жөніндегі комитеттің бірлескен мәлімдемесінде Израиль күштері Батыс жағалауда рейдтерін жалғастырып жатқаны айтылған.

Мәлімдемеде Израиль әскері Эрихадағы Акабет-Джабр босқындар лагеріне баса-көктеп кіріп, тұтқын алмасу кезінде босатылған 15 палестиндікті қайтадан ұстағаны жазылған. Операция кезінде бірнеше адам соққыға жығылып, белгісіз бағытқа тергеуге алып кеткен.

Сондай-ақ Израиль әскері Рамалла, Хеврон (Эль-Халила), Бейтлехем, Наблус және Тулькарм қалаларында тінту жүргізіп, тағы алты адамды ұстаған.

Тұтқындалғандардың арасында ХАМАС қозғалысының танымал мүшесі және Эль-Бира қаласының бұрынғы мэрі Жамаль ат-Тавиль бар.

Жергілікті дереккөздердің хабарлауынша, Израиль күштері Эль-Бирадағы Тавильдің үйіне басып кіріп, оның балаларын ұрып-соғып, қолдарын кісендегеннен кейін саясаткердің өзін тұтқындап, белгісіз жерге алып кеткен.

2023 жылғы 8 қазанда Израильдің Газа секторына шабуылы басталғалы бері Батыс жағалауы мен Шығыс Иерусалимде палестиндіктерге қарсы тұтқындау, рейд және күш қолдану оқиғаларының саны күрт артқан.

Өзгелердің жаңалығы