Измир мен Алматы арасында тікелей әуе рейстері ашылады

Әуе қатынасы аптасына екі рет орындалып, 2026 жылдың қазан айының соңына дейін жалғасады.

 Сыртқы істер министрлігі Бүгiн 2026, 21:19
Бүгiн 2026, 21:19
152
Фото: Сыртқы істер министрлігі

Измир мен Алматы арасында тікелей әуе рейстері ашылады. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі мәлім етті.

Қазақстан Республикасының Измирдегі Бас консулдығы мен SunExpress әуекомпаниясы арасындағы келіссөздер нәтижесінде 2026 жылғы 31 шілдеден бастап Измир – Алматы – Измир бағыты бойынша тұрақты рейстер іске қосылмақ, - делінген хабарламада.

Әуе қатынасы аптасына екі рет орындалып, 2026 жылдың қазан айының соңына дейін жалғасады.

Жаңа бағыт Қазақстан азаматтары, студенттер, туристер мен бизнес өкілдері үшін екі ел арасындағы қатынасты жеңілдетіп, сапар мүмкіндіктерін кеңейтеді.

Наверх