Із-түзсіз жоғалған Қарағанды ​​қаласының тұрғыны бекеттен өту кезінде анықталды

9 Қаңтар 2022, 10:16
1535
Бөлісу:
Із-түзсіз жоғалған Қарағанды ​​қаласының тұрғыны бекеттен өту кезінде анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Президентінің «төтенше жағдай енгізу туралы» Жарлығы негізінде Қарағанды ​​облысында комендатураның  жедел штабы құрылды. 

Бұл туралы Қарағанды ​​облысының коменданты Ерлан Файзуллин хабарлады.

Өңірде құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін барлық полиция қызметкерлері, Ұлттық ұлан мен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери қызметкерлері қызметтің күшейтілген режиміне көшірілді. Облыстың елді мекендерінен кіріп- шығатын аумақтарына бақылау бекеттері орналастырылды.

Төтенше жағдай жарияланған кезден бастап полиция бөлімдеріне 128 адам жеткізілді, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 476-бабы, яғни «Төтенше жағдай режимін бұзу» бойынша 86 құқық бұзушылық анықталды. Аталған баптың санкциясына сәйкес 10 АЕК көлемінде айыппұл салуды немесе 10 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алуды көзделген. Төтенше жағдай кезеңінде тіркеуден өткен қарудың өзін тасымалдауға және алып жүруге тыйым салынған. Полиция қызметкерлері қызметтік міндеттерін атқару кезінде,  тіркеуде тұрған 3 аңшы мылтығымен 1 пневматикалық тапаншаны тәркіледі.

Бақылау бекетінен өтпек болған, Қазақстан Республикасындағы тіркеу мерзімі өтіп кеткен 30 жастағы Өзбекстан азаматы ұсталды. Сондай-ақ, өткен жылдың 24 желтоқсанынан бері із-түзсіз жоғалған деп саналған 30 жастағы Қарағанды ​​қаласының тұрғыны бекеттен өту барысында анықталды.

Қарағанды ​​облысының полиция департаменті, полиция қызметкерлерінің жұмысына түсіністікпен қарайтын тұрғындарға алғысын білдіріп, азаматтардан төтенше жағдайдың барлық талаптарын орындауды сұрайды.

Сонымен қатар, Алматы және басқада Оңтүстік өңірлерде құқық қорғау органынының қызметкерлерімен заңға қайшы әрекет жасаған және тонаумен айналысқан азаматтарды ұстау шаралары жүпргізілуде.  Осыған байланысты Қарағанды облысының полицейлері де өңірде  осындай тұлғаларды анықтау бойынша кешенді іс-шаралар жүргізуде.  Сондықтанда облыс тұрғындарынан барлық күдік тудыратын сәттер бойынша қырағылық танытып, бірден 102 телефонына хабарласуларын сұраймыз.

Өзгелердің жаңалығы