IX қысқы Азия ойындары. Спорт министрі болжам жасады

Кеше, 11:51
233
Бөлісу:
IX қысқы Азия ойындары. Спорт министрі болжам жасады
Фото: Sïnxwa агенттігі

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов IX қысқы Азия ойындарынан қанша медаль алуымыз мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Журналист министрге "Қысқы Азия ойындарында қазақстандық спортшылар қанша медаль алуды жоспарлап отыр?" деп сұрады.

Болжам жасау өте қиын. Сондықтан біз жүйелі тұрғыда жұмыс атқардық. Бүгінгі таңда 138 спортшымыз Харбиндегі жарысқа рұқсат алды. Жалпы алғанда конькимен жүгіру, биатлон, шаңғы спорты және шорт-тректен жақсы нәтиже береміз деп күтемін. Ол нәтижелерді осы Олимпиадаға дейінгі жарыстардан қарап, жасап отырмыз, - дейді Мырзабосынов Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифингте.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Премьер-министр Олжас Бектенов спорт саласана қатысты біршама мәселелерді айтты. Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов қазақстандық спортшылардың формасына қатысты сұраққа жауап берді. Сондай-ақ ол спортшылардың діншілдігіне қатысты сұраққа да жауап беріп, ойын ортаға салды.

Өзгелердің жаңалығы