Қазақстанның соңғы жаңалықтары

IWF: Әлем чемпионатын өткізген ел өз спортшыларын қатыстыра алмайды

9 Наурыз 2019, 13:32
1743
Бөлісу:

Алматы, BAQ.KZ. 2019 жылы ауыр атлетикадан әлем чемпионаты Таиландта өтеді. Бірақ әлемдік додаға тай елінің зілтеміршілері қатыса алмайды.

Халықаралық ауыр атлетика федерациясының (IWF) ақпараты бойынша, көптеген таиландық зілтеміршінің допинг-сынамасы оң нәтиже көрсетуіне байланысты IWF аясындағы сайыстарға бұл елдің спортшылары қатыса алмайды.
Соған қарамастан таиландтық федерация (TAWA) 16-25 қыркүйек арасында Паттайеде әлем чемпионатын қабылдамақ.

IWF атқарушы комитетінің Лас-Вегастағы отырысында жастар арасындағы 2021 жылғы әлем чемпионаты Джидда қаласында (Сауд Арабиясы), ал жасөспірімдер арасындағы әлемдік біріншілік Өзбекстан астанасы Ташкентте өтеді деп хабарланды.

Өзгелердің жаңалығы