Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халықаралық үстел теннисі федерациясы коронавирус індетіне байланысты әлемдік турдың екі кезеңін кейінге шегерді деп жазады Olympic.kz.
16-21 маусым аралығында Оңтүстік Кореяда, 23-28 маусымда Австралияда өтуі тиіс әлемдік тур ойындары өтпейтін болды.Сондай-ақ, 28-31 мамыр күндері Катар астанасы Дохада өтуі тиіс әлемдік іріктеу турнирі 2021 жылға ауыстырылды. Айта кетелік, бұған дейін Оңтүстік Кореяның Пусан қаласында өтуі тиіс командалық әлем чемпионаты 27 қыркүйек- 4 қазан аралығына ауыстырылды.