Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. IteachMe қоры IteachMe жобасын 2019 жылдан бастап Шеврон компаниясының серіктестігімен жүзеге асырып келеді.
Басты мақсаты – бұл мүгедектігі бар жастар арасынан digital саласының кәсіби мамандарын тәрбиелеу.
Бес маусым ішінде қор 300-ден астам түлекті дайындап шығарды, қазіргі уақытта олар компаниялардағы құнды мамандар болып отыр, фрилансинг бойынша кірістерін арттырып, өз ісін дамытуда.
Мүгедектігі бар адамдардың қоғамнан еш айырмашылығы жоқ, оларға өздеріне сену және қоғамдағы теңдік сезімін үйрену үшін көмек қажет және сеніңіз, сонда олар өздерінің құзыреттері мен дағдыларының салмағы мен бағасы бар екенін дәлелдейді. Егер біз осындай ерекшеліктері бар жастарға өздерін қабылдауға және жайлылық аймағынан шығуға қалай көмектесуге болатынын білмесек, онда оны кім біледі? Бұл өздеріне деген сенімі жоқ таңғажайып, талантты жастар, бірақ біздің оқыту әдістемеміз уақыт өте келе балалардың кәсіби тұрғыдан қалай өскендерін және өз өмірлері үшін жауапкершілікті қалай алғандарын көруге мүмкіндік береді, - дейді Қор директоры Захира Бегалиева.
IteachMe жобасының алтыншы маусымы ауқымы бойынша ең үлкені. Бір ай ішінде Қазақстан Республикасының 15 қаласында мүгедектігі бар және мүгедектігі жоқ жастар арасында іріктеу турлары өткізілді, оның ішінде колледждер мен ЖОО студенттері арасында. ITeachMe командасы Алматы, Қызылорда, Тараз, Шымкент, Семей, Өскемен, Түркістан, Кентау, Есік, Талдықорған, Қарағанды, Нұр-Сұлтан, Павлодар, Орал, Қостанай қалаларында болды.
Іріктеу турларына 1500-ден астам адам қатысты, бірақ Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 200 бала IteachMe-дың алтыншы маусымының қатысушысы болды.
ITeachMe жобасының алтыншы маусымы аясында 20-22 маусым аралығында Нұр-Сұлтан қаласында IT University қабырғасында алдағы бес лагерьдің ішінде бірінші жастар инклюзивті оффлайн лагері өтіп жатыр. Лагерьдегі қатысушылар өздерінің қорқыныштарын жеңуді үйренеді, көшбасшылық қасиеттерді дамытады және өзін-өзі таныстыру өнерін үйренеді, өйткені икемді дағдылар болашақта жұмысқа орналасу кезінде өте маңызды.
Біз, жер мен адамның энергиясын дамытатын компания ретінде, осындай бағдарламалардың арқасында жастарға өз жолын таңдауда өмірге жолдама беруге болатынына сенеміз. ITeachMe Қоры - біздің сенімді серіктесіміз, пікірлесіміз; осы жас және талантты командамен бірге біз цифрлық салада білім өскіндерін өсіреміз, жаңа мамандық алғысы келетін және өз таланттарын білдіргісі келетін жастарға жұмсақ дағдыларға үйретеміз. Екінші кезеңде жоба студенттері графикалық дизайн, SMM және копирайтинг, UI/UX және motion дизайн, мобилография сияқты заманауи цифрлық дағдыларды онлайн режимінде үйренуге мүмкіндік алады, өйткені IT-әлемі-бұл адамның мүгедектігі бар ма, жоқ па, маңызды емес орта. Медициналық диагнозы бар адамның оқуға, кәсіби өсуіне, сол арқылы қаржылық табыстарын арттыруға шексіз мүмкіндіктері бар орта, – дейді «Шеврон» компаниясының әлеуметтік инвестициялар жөніндегі кеңесшісі Лейла Айтмұханова.