Экология министрі Серікқали Брекешев Каспий теңізіндегі итбалықтардың неден қырылғаны анықталатынын айтты, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.
Итбалықтар бойынша нақты хабарды 15 қаңтарға дейін береміз. Газдың таралуын болуы мүмкін деп отырмыз, - деді Брекешев Үкіметт отырысынан соң.
БАҚ өкілдері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірдегі экологиялық проблеманы шешуге берген тапсырмасын орындау үшін министр Каспийге соңғы рет қашан барғанын сұрады.
Мен өзім Каспийге барып зерттеумен айналысқан жоқпын. Бірақ біз қазір Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында Каспий теңізі мәселелері бойынша зерттеу институтын құрып жатырмыз, - деді министр.