Италияның жағалау күзеті бірнеше кемеде болған 1300-дей босқынды құтқарды, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.
Еске салып кетсек, осыдан екі апта бұрын осы елдің жағалауында ағаштан жасалған қайық апатқа ұшырап, 73 адам қаза тапқан болатын. Полиция кемелері оларды құтқаруға тырысқанмен, ауа-райының қолайсыздығынан қайығын іліп, әкете алмады. 9-наурызда Италия үкіметі заңсыз миграциямен айналысатын қылмыскерлерге жазаны күшейтті.
Жалпы соңғы үш күнде бұл елге 3 мыңнан аса босқын келген. Тек Лампедуза аралына бір күнде 1869 адам мінген 41 қайық жеткен. Босқындар жиі келетін тағы бір ел – Испания.
Канар аралдарының жағалауында құтқарушылар 48 мигрантты құтқарды. Арасында 24 әйел мен алты бала бар.