Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Италиялық атақты дизайнер Джорджио Армани дүниеден өтті

5 Қыркүйек 2025, 13:09
769
Бөлісу:
 Getty Images
PHOTO
Фото: Getty Images

Италиялық атақты дизайнер, Armani сән үйінің негізін қалаушы Джорджио Армани 91 жасында дүниеден өтті. Ол әлемдік сәнге жаңа серпін беріп, итальяндық стильдің символына айналды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі ВВС агенттігіне сілтеме жасап.

Армани италиялық стиль мен талғампаздықтың символына айналып, заманауи аудитория үшін ерлер мен әйелдер киімін қайта қарастырған дизайнер ретінде тарихта қалды. Оның сән үйі уақыт өте келе сән индустриясынан шығып, парфюмерия, сұлулық индустриясы, музыка, спорт және қонақүй бизнесін қамтыған көпсалалы империяға айналды. Жылдық табысы 2 млрд фунт стерлингтен асты.

Италиялық атақты дизайнер Джорджио Армани дүниеден өтті
Фото: Getty Images

Әлемдік жұлдыздар мен сән саласының өкілдері аңыз дизайнерге құрмет білдірді. 

Бүгін әлем алпауытын жоғалтты. Ол тарихқа енді және мәңгі есте қалады, - деп жазды Донателла Версаче. 

Италиялық атақты дизайнер Джорджио Армани дүниеден өтті
Фото: Getty Images

Актер Рассел Кроу Арманиді "әлем мойындаған із қалдырған тұлға" деп атады. Джулия Робертс оны "шын дос, аңыз" деп еске алды.

Ол талғампаздығы, ұстамдылығы және креативтілігі арқылы италиялық сәнге жарқын із қалдырды әрі бүкіл әлемді шабыттандырды, - деп мәлімдеді Италия премьер-министрі Джорджия Мелони.

Армани Голливуд жұлдыздарының сүйікті дизайнеріне айналды: ол Зендая, Кейт Бланшетт, Джулия Робертс сынды актерлерді "Оскар" қызыл кілеміне киіндірді, Леди Гагаға сахналық костюмдер жасады, "Американский жиголо" және "Волк с Уолл-стрит" фильмдеріне киім тікті.

Италиялық атақты дизайнер Джорджио Армани дүниеден өтті
Фото: Getty Images

Ол сән әлемінде жаңашылдық енгізді: 2006 жылы анорексиядан қаза болған модельден кейін арық модельдерді көрсетілімдерге шығаруға тыйым салған алғашқы дизайнер болды.

Армани өзінің 60 жылға жуық мансабында сәнді жаңа деңгейге көтеріп қана қоймай, Италияның символына айналды. Ол Францияның Почет легионы орденімен және Италияның "Еңбек үшін" орденімен марапатталған.

Өзгелердің жаңалығы