Италияның Милан қаласында темекіге қарсы күрес күшейеді, деп хабарлайды BAQ.KZ 24kz-ке сілтеме жасап.
Жаңа жылдан бастап таза ауада шылым шегу үшін 10 метр қашықтықта басқа адамдар болмау керек. Талапқа бағынбағандар 240 еуроға дейін айыппұл төлеуі мүмкін. Бұл біздің ақшамен 127 мың теңге шамасында.
Қалада онсыз да шылым шегуге қатысты шектеу көп. 2021 жылдан бастап саябақ, спорт алаңдары, балалар ойнайтын алаңдар, аялдама, тіпті зиратта темекі тартуға тыйым салынған.
Италия, Ирлания мен Норвегиядан кейін қоғамдық орындарда шылым шегуге тыйым салған Еуропадағы үшінші мемлекетке айналды.