Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Италияның солтүстігіндегі 5 өңірде төтенше жағдай жарияланды.
Елде соңғы 70 жылда болмаған қатты құрғақшылық орын алған деп жазады ВВС.
Эмилия-Романья, Фриули-Венеция-Джулия, Ломбардия, Пьемонт пен Венетоға судың жеткіліксіздігімен күрес үшін төтенше жағдайлар қорынан 36,5 млн еуро бөлінді.
Италиялық Coldiretti ауыл шаруашылық одағының бағалауынша, құрғақшылық өңірдің 30%-дан астам ауылшаруашылық өнімдерін құртуы мүмкін. Бірнеше муниципалитет суды қалыпқа келтіруді жоспарлап отыр.
Құрғақшылыққа қыста жауын-шашынның аз түсуі мен қатты аптап ыстық себеп болып отыр.
ТЖ режимін енгізу ерекше шара мен құзыреттілікті талап ететін қалыптасқан жағдаймен күрес үшін қажет, - делінген Италия үкіметі таратқан хабарламада.