Италияда оқушының тәртібін бағалайтын жүйе енгізіледі

3 Қазан 2024, 12:12
298
Бөлісу:
Италияда оқушының тәртібін бағалайтын жүйе енгізіледі

Италияда оқушылардың тәртібін бағалау жүйесі енгізіледі. Көрсеткіш 10 балдық жүйемен бағаланады, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.

Егер 5-тен төмен болса, оқушы үлгеріміне қарамастан келесі жылға қалады. Сонымен қоса мұғалімдермен жанжалдасқан балаларды жазалайтын жүйе де енгізіледі. 

Өйткені кейінгі кезде ұстаздарға шабуыл жасау оқиғалары жиілеп кеткен. Бұған көбіне балалардың сыныпта ұялы телефон қолдануы түрткі болып жатады. Енді тиісті дерек тіркелсе, оқушының ата-анасы бір мың еуроға дейін айыппұл төлейді. 

Билік бұл өзгерістердің барлығы мұғалімнің беделін арттыруға бағытталғанын айтады.

Өзгелердің жаңалығы