Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Италия полициясы Салерно портында құны 1 млрд еуро тұратын каптагон есірткісін тәркіледі, деп жазды 24.kz.
Тауар цилиндрде жасырылған. Үш контейнерде тасымалданған жүк Сириядан келген екен. Айта кетейік, каптагон Таяу Шығыс елдерінде есірткінің ең кең тараған түрі. Препаратты көбінесе террорлық ұйым өкілдері қабылдайды.
Мамандардың айтуынша, есірткінің бұл түрі адам бойындағы қорқыныш пен үрейді жойып, төзімділікті арттырады. Содырлар каптагон есірткісін саудалау арқылы, одан түскен қаражатты қару-жарақ сатып алу үшін жұмсайтын көрінеді.
Полиция өкілдерінің айтуынша, карантиннің қатаң талаптарынан жасанды есіркі түрін өндіруге мүмкіндік болмағандықтан Еуропадағы наркодиллерлер есіркіні Сириядан сатып ала бастады.