Италияда коронавирустан 463 адам көз жұмды

10 Наурыз 2020, 09:09
1189
Бөлісу:
Италияда коронавирустан 463 адам көз жұмды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дүйсенбі күні Азаматтық қорғаныс ұлттық қызметінің басшысы Анджело Боррелли Италияда коронавирустан 463 адамның көз жұмғанын хабарлады. Бұл туралы ANSA жазды.

Оның айтуынша, Италияда коронавирус жұқтырғандардың саны 7 985 адамға жеткен. Елде ауруға шалдыққандардың саны 9 172 адам болған. Бұл емделіп шыққандар мен көз жұмғандарды қоса есептегенде.

Бүгінде Италия коронавирустан қаза тапқандардың саны жағынан Қытайдан кейінгі орында тұр.

Сондай-ақ, Борреллидің сөзіне қарағанда, Италияда 724 адам бұл дерттен айығып шыққан. Бұл жексенбі күнге қарағанда 102 адамға көп.



Өзгелердің жаңалығы