Италияда коронавирус көрсеткіші төмендей бастады

31 Наурыз 2020, 09:35
4991
Бөлісу:
Италияда коронавирус көрсеткіші төмендей бастады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Италияда коронавирус жұқтырғандардың саны 100 мыңнан асты, бір түнде 892 адам қайтыс болды. 

Алайда елдің азаматтық қорғаныс қызметінің басшысы Анджело Бореллидің айтуынша, елде вирусты жұқтыру бойынша рекордтық төмен көрсеткіш тіркелген, деп хабарлайды РИА Новости

Бүгінде 75 528 италиялық вирус жұқтырған, бір тәулікте 1648 адам коронавирус індетін жұқтырған, - деді Борелли. 

Соңғы 13 күнде вирус жұқтырғандардың саны тәулігіне 3 мыңнан түспеген. Науқастардың коронавирусты жұқтыру бойынша төмен көрсеткіші 10 наурыздан бері тіркелмеген.  

1590 адам жазылып шықты. Ал жалпы - 14 620 науқас вирустан емделіп шықты. Бұл – эпидемия басталғаннан бері рекордтық көрсеткіш, - деп мәлімдеді Борелли. 

Бореллидің сөзінше, қайтыс болған және емделіп шыққан науқастарды қосқанда жалпы 101,7 адам коронавирусты жұқтырған. 

Өзгелердің жаңалығы