Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Италияның орталығындағы Эмилия-Ромагна аймағына жауған бұршақ Парма қаласының негізгі А1 тас жолын және жүздеген көлік пен үйге зақым келтірген.
Il Fatto Quotidiano басылымының хабарлауынша, дүйсенбі күні түстен кейін жауған қатты бұршақ автокөлік жүргізушілері мен жергілікті тұрғындарды таңғалдырған.
Жергілікті халық мұнымен әлеуметтік желілерінде жаппай бөліскен.
Айтуынша, нөсер жауыннан кейінгі бұршақтың көлемі алмадай үлкен болған.
Көше бойында тұрған көліктердің әйнектері сынып, майысқан.
Апаттың ортасында қалған қала тұрғындары желмен қатарласқан жауынның салдарынан орындарынан қозғала алмаған.