Италияда көлдер мен өзендер құрғап барады

21 Ақпан 2023, 17:03
834
Бөлісу:
Италияда көлдер мен өзендер құрғап барады
Фото: iz.ru

Еуропада биыл қыс өте жылы. Осыған байланысты Италия тұрғындары жазда қайта қуаңшылық болатынына алаңдап отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Себебі Альпы тауларында әдеттегіден екі есе аз қар жауған. Осының кесірінен елдегі өзендер мен көлдер құрғап барады. Су тапшылығы ауыл шаруашылығы мен гидроэнергетика  салаларына нұқсан келтіруі мүмкін. 

Ғарыштан түсірілген суреттерге қарап елдегі ең ірі Гарда көлінде су деңгейі қалай төмендегенін көруге болады. Ал ең ұзын По өзенінде су 3 метрге тартылған. 

Еске салып кетейік, өткен жылы Италияда қуаңшылықтан ауыл шаруашылығы 6 миллиард еуродан асатын шығынға ұшыраған болатын.

Өзгелердің жаңалығы